Статистика блога
193
Записей
2509
Обращений
102893
Посетителей
Областные Управления
(финансируемые из местного бюджета)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Новости региона

Ақпараттық хабарлама Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы облыстық коммуналдық меншік объектілерін сату жөнінде аукцион өткізеді. Сауда 2017 жылғы 6 қыркүйекте сағат 10.00-де Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында өткізіледі. Облыстық коммуналдық меншік объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 09 тамыздағы №920 (бұдан әрі – Ережелер) қаулысымен бекітілген жекешелендіру объектілерін сату Ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. АУКЦИОН Сауда әдісі – бағаны өсіру 1.Бұрынғы лабораториялық корпустың ғимараты,жалпы алаңы 1459,1ш.м.,жалпы алаңы 6,4546 га, кадастрлік нөмірі 12-187-003-799 жер телімінде орналасқан, КМҚК "Денисов кәсіби-техникалық колледжі", Денисов ауданы, Денисов- ка с., Целинная к-сі, 50 үй,тел.87143449049 (қанағаттанарлықсыз). Салынған жылы – 1980 Бастапқы бағасы – 17 456 000 теңге. Кепілдік жарна – 2 618 400 теңге. Сауда әдісі – бағаны төмендету "ҚР ІІМ Қостанай облысының ішкі істер департаменті" ММ 2. Жылқылар (7 бас): айғыр, лақап аты "Бальян", 2005 жылы туған, таңбасы KZР4-007684; бие, лақап аты "Ботагөз", 2010 жылы туған, таңбасы KZР4-007681; бие, лақап аты "Ченури", 2010 жылы туған, таңбасы KZР4-007680; айғыр, лақап аты "Бабыр", 2010 жылы туған, таңбасы 45/10, айғыр, лақап аты "Ривертай", 2010 жылы туған, таңбасы 29/10; айғыр, лақап аты "Медресе", 2010 жылы туған, таңбасы 31/10; айғыр, лақап аты "Карой", 2009 жылы туған, таңбасы KZР4-007686, "Қостанай қаласының ішкі істер басқармасы" ММ, Қостанай ауданы, Заречный к., "Заречное" тәжірибе-өндірістік шаруашылығы" мал шаруашылығы кешенінің аумағы, тел. 87142526327 (қанағаттанарлық). Бастапқы бағасы – 5 066 400 теңге. Ең төменгі бағасы – 2 533 200 теңге. Кепілдік жарна – 759 960 теңге. 3. Жылқылар (3 бас): айғыр, лақап аты "Барон", 2010 жылы туған, таңбасы 02; айғыр, лақап аты "Ветерок", 2010 жылы туған, таңбасы 1108; ат, лақап аты "Слон", 2006 жылы туған, таңбасы 0515, "Рудный қаласының ішкі істер басқармасы" ММ, Қостанай ауданы, Заречный к., "Заречное" тәжірибе-өндірістік шаруашылығы" мал шаруашылығы кешенінің аумағы, тел. 87142526327 (қанағаттанарлық). Бастапқы бағасы – 928 000 теңге. Ең төменгі бағасы – 464 000 теңге. Кепілдік жарна – 139 200 теңге. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" ММ 4. "Уаз 22069 033" автомашинасы, м/н 658AD10, "Қостанай облыстық наркологиялық диспансері" ШЖҚ КМК, Қостанай қ., О.Шипин көш., 153/3 үй, тел. 87142577809 (техникалық жарамсыз). Шығарылған жылы – 2005. Бастапқы бағасы – 383 000 теңге. Ең төменгі бағасы – 191 500 теңге. Кепілдік жарна – 57 450 теңге. 5. "Ваз 21070" автомашинасы, м/н 651AD10, "Қостанай облыстық наркологиялық диспансері" ШЖҚ КМК, Қостанай қ., О.Шипин көш., 153/3 үй, тел. 87142577809 (техникалық жарамсыз). Шығарылған жылы – 2001. Бастапқы бағасы – 106 000. Ең төменгі бағасы – 53 000 теңге. Кепілдік жарна – 15 900 теңге. Сауда әдісі – ең төменгі бағаны белгілеместен бағаны төмендету "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" ММ 6. "Газ 3110" автомашинасы, м/н Р 010 СС, "Қостанай облыстық балалар ауруханасы" КМК, Қостанай қ., Быковский көш., 4 үй, тел. 87142262456 (техникалық жарамсыз). Шығарылған жылы – 1998. Бастапқы бағасы – 234 000 теңге. Кепілдік жарна – 35 100 теңге. "ҚР ІІМ Қостанай облысының ішкі істер департаменті" ММ 7. "Ваз 21213" автомашинасы, м/н Р 338 КР, "Алтынсарин ауданының ішкі істер бөлімі" ММ, Алтынсарин ауданы, Силантьев с., Ленин көш., 51, тел. 87142526327 (техникалық жарамсыз). Шығарылған жылы – 2005. Бастапқы бағасы – 368 000 теңге. Кепілдік жарна – 55 200 теңге. 8. "Ваз 21070" автомашинасы, м/н Р 673 КР, "Жітіқара қаласы және Жітіқара ауданының ішкі істер бөлімі" ММ, Жітіқара қ., 5 "в" ықшам аудан, 18 үй, тел. 87142526327 (техникалық жарамсыз). Шығарылған жылы – 2007. Бастапқы бағасы – 144 000 теңге. Кепілдік жарна – 21 600 теңге. 9. "Ваз 21214 107" автомашинасы, м/н Р 597 КР, "Жітіқара қаласы және Жітіқара ауданының ішкі істер бөлімі" ММ, Жітіқара қ., 5 "в" ықшам аудан, 18 үй, тел. 87142526327 (техникалық жарамсыз). Шығарылған жылы – 2007. Бастапқы бағасы – 278 000 теңге. Кепілдік жарна – 41 700 теңге. 10. "Ваз 21074" автомашинасы, м/н Р 113 КР, "Таран ауданының ішкі істер бөлімі" ММ, Таран ауданы, Таран с., Совет көш., 10, тел. 87142526327 (техникалық жарамсыз). Шығарылған жылы – 2004. Бастапқы бағасы – 120 000 теңге. Кепілдік жарна – 18 000 теңге. 11. "Ваз 21060" автомашинасы, м/н Р 523 КР, "Таран ауданының ішкі істер бөлімі" ММ, Таран ауданы, Таран с., Совет көш., 10, тел. 87142526327 (техникалық жарамсыз). Шығарылған жылы – 2003. Бастапқы бағасы – 121 000 теңге. Кепілдік жарна – 18 150 теңге. 12. "Ваз 21213" автомашинасы, м/н Р 524 КР, "Таран ауданының ішкі істер бөлімі" ММ, Таран ауданы, Таран с., Совет көш., 10, тел. 87142526327 (техникалық жарамсыз). Шығарылған жылы – 2004. Бастапқы бағасы – 289 000 теңге. Кепілдік жарна – 43 350 теңге. Назар аударыңыз! Тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуына қатысушының хабарландыруда көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сауданың өткізілетіні туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның сатушының шотына аукционның басталуына екі сағат қалғанға дейін түспеуі негіз болып табылады. Аукционға қатысу үшін тізілім веб-порталында мыналарды көрсете отырып, алдын ала тіркелу қажет: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты, әкесінің аты (болса); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі(бұдан әрі – БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (болса); 3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктің есеп шотының деректемелері; 4) байланыс мәліметтері (пошта мекенжайы, телефон, факс, e-mail); Жоғарыда көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілім веб-порталына енгізілген мәліметтерді өзгертеді. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін тізілім веб-порталына қатысушы ЭСҚ қойылған нысанда саудаға қатысуға өтінімді тіркеу қажет. Аукционға қатысушылар аукционның басталуына бір сағат қалғанда ЭСҚ мен аукциондық нөмірді пайдаланып аукцион залына кіреді. Аукционды сауданың бағаны өсіру әдісімен өткізу тәртібі Жекешелендіру объектісі бойынша бағаны өсіру әдісімен аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін өткізіледі. (толығырақ www.gosreestr.kz). Жекешелендіру объектісі бойынша бағаны өсіру әдісімен аукцион егер жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағаны ұлғайтудың кемінде екі қадамына өсірілсе, сондай-ақ бастапқы бағаны екі қадамға ұлғайтуды кемінде екі қатысушы жүзеге асырса, аукцион өтті деп танылады. Аукционды сауданың бағаны төмендету әдісімен өткізу тәртібі Сауданың бағаны төмендету әдісімен өтетін аукционда жарияланған баға бойынша жекешелендіру объектісін сатып алуға бірінші болып тілек білдірген қатысушы жеңімпаз болып табылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өтті деп танылады (толығырақ www.gosreestr.kz) Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион қорытындылары сауда қорытындылары туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған тізілім веб-порталында сатушы мен жеңімпаз ЭСҚ қолдана отырып сауда өткізілетін күні қол қояды. Аукцион қорытындылары туралы хаттама аукцион қорытындыларын және жеңімпаз бен сатушының сату бағасы бойынша жекешелендіру объектісін сату-сатып алу келісім-шартына қол қою міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады. Жеңімпазбен сату-сатып алу келісім-шартына аукцион өткізілген күннен бастап он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде мына мекенжайда қол қойылады: Қостанай қ., Әл-Фараби д-лы, 66, 207 каб. Аукцион жеңімпазы сатушыға сату-сатып алу келісім-шартына қол қоярда түпнұсқаларын салыстыру үшін ұсына отырып келесі құжаттардың көшірмелерін не болмаса келесі құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынады: 1) жеке тұлғалар үшін: төлқұжат немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжаттың көшірмесі; 2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не болмаса анықтама; заңды тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың, сондай-ақ төлқұжат пен заңды тұлға өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі. Шетелдік заңды тұлғалар құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелерін қазақ және/немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағатының ішінде қайтарылады. Кепілдік жарна саудаға қатысу үшін келесі шоттардың біріне енгізіледі: 1) Кепілдік жарнаны алушы – "Ақпараттық-есеп орталығы" АҚ, БИН 050540004455; ИИК KZ529261501102032004, БИК KZKОKZКХ; банктің атауы – "Казкоммерцбанк" АҚ; КНП 171; Кбе 16. 2) Кепілдік жарнаны алушы – "Ақпараттық-есеп орталығы" АҚ, БИН 050540004455; ИИК KZ914500339860000351, БИК ASFBKZKA; банктің атауы – "Банк Астаны" АҚ; КНП 171; Кбе 16. Сауда қатысушыларын тіркеу хабарлама жарияланған күннен басталады және аукционның басталуына екі сағат қалғанда аяқталады. Сауда Астана қ. уақыты бойынша сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін өткізіледі. Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша: 87142575610 және мына сайт бойынша алуға болады: www.oblfin.kostanay.gov.kz. Техникалық қолдау телефоны: 87142501887.

Отправить письмом